ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Қазан 2019
Д С С Б Ж С Ж
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Маркетолог, Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс және маркетинг басқармасы

Лауазымдық міндеттері: Тікелей (ATL) жарнама бойынша іс-шаралар кешенін іске асырады;

Тікелей емес (BTL) жарнама бойынша іс-шаралар кешенін іске асырады; Маркетингтік зерттеулерді, оның ішінде клиенттермен кері байланыс бойынша маркетингтік зерттеулерді жүзеге асырады; Өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды Басқарма басшысының қарауына өз құзыретіне жатқызылған мәселелерді енгізеді; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де жұмыстарды жүзеге асырады.

Біліктілік талаптары: жоғары бейінді экономикалық білімі, магистр академиялық дәрежесі, мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болу керек. 

Сапа жөніндегі менеджер,  Зертханалық зерттеулер  менеджменті басқармасы

Лауазымдық міндеттері: ИСО 9001 талаптарына сәйкестігін сертификаттау және кейінгі мерзімдік инспекциялық бақылау жұмыстарын дайындауға қатысады.

Басқарма басшысының тапсырмасы бойынша сапа менеджменті жүйесіне байланысты мәселелер бойынша сертификаттау жөніндегі органдармен және консалтингтік фирмалармен өзара іс-қимыл жасауға қатысады. Филиалдың өкімдік және нормативтік құжаттарының жобаларын (СМЖ құжаттарын қоса алғанда) дайындауға қатысады. Филиал бөлімшелерінің ішкі тексеру жоспарын жасауға қатысады. Ішкі тексеру бағдарламаларын жасауға, сондай-ақ аудит бағдарламасын мүдделі тараптарға жеткізуге қатысады.

 Филиал бөлімшелерінің ішкі аудитор ретінде ішкі аудитін өткізуге қатысады. Өткізілген аудит бойынша есептердің жобаларын дайындайды.

Біліктілік талаптары: жоғары экономикалық білімі және  кемінде бір жыл осыған ұқсас жұмыс өтілі болу керек.

Бактериолог дәрігер,  Бактериялық инфекциялар референс-зертханасы

Лауазымдық міндеттері: Тапсырмаларға сәйкес зертханалық зерттеулер жүргізу. Бактериологиялық зерттеу үшін материалды алу және тасымалдау дұрыстығын бақылау. Бекітілген нысан бойынша есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізу. 

Бактериологиялық зерттеулерді жоспарлауға, бактериологиялық зертхананың жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын жасауға қатысу. Өз жұмысының нәтижелерін, бактериологиялық зертхананың жұмысын қорытындылау және талдау. Аймақтық СЭСО бактериологиялық зертханаларының жұмыс қорытындысы бойынша аналитикалық материалдарды дайындауға қатысу.  Топтық инфекциялық аурулар мен тамақтан улануларды бактериологиялық талдауға қатысу. Облыстық СЭСО бактериологиялық зертханаларынан жіберілген өсірінділерге сәйкестендіру жүргізу. Микроорганизмдердің референс-штаммдарының қасиеттерін сақтау және қолдау. Бактериологиялық зерттеулер әдіснамасы мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттама жобаларын дайындауға қатысу.   Өндірістік апаттар, жабдықтар мен аспаптардың ақаулары туралы меңгерушіге уақтылы хабарлау. Мекеме қызметіне, оның қызметкерлері мен келушілеріне қауіп төндіретін қауіпсіздік техникасының, өртке қарсы және санитарлық ережелердің бұзылуын жою бойынша жедел шаралар қабылдау. Мекеме басшысының меңгерушінің бұйрықтарын, өкімдерін және  тапсырмаларын білікті және уақтылы орындау. Зертханада сапа менеджменті жүйесін жүргізу және т.б.

         Біліктілік талаптары: санитарлық-гигиеналық бейіндегі жоғары медициналық білімі болу керек. 

 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ