ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Тамыз 2019
Д С С Б Ж С Ж
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

 

pp

Тамақтан улану - бұл ас қорытудың бұзылуымен бірге жүретін жіті ауру. Бұған  тамақ өнімдерімен бірге әртүрлі микроорганизмдердің, көбінесе  бактериялардың организмге түсуі себеп болуы мүмкін. Көп жағдайда улану  тамақ өнімдерінде алтын түстес стафилококктың және ішек таяқшасының қатты көбеюінен туындайды. Улану  көбінесе жарамдылық мерзімі өткен сапасыз немесе рұқсат етілмейтін жағдайларда сақталған немесе санитарлық нормаларды сақтамай жасалған  тамақ өнімдерінен болады   

Тамақ өнімдерімен бірге сальмонеллез, дизентерия, норовирусты, ротовирусты инфекциялар, А вирусты гепатиті және басқа да бактериялардың қоздырғыштары берілуі мүмкін, бұдан бөлек, азық-түліктерде  әртүрлі микроорганизмдердің токсиндері жиналатын тағамдық интоксикациялардың үлес салмағы басым келеді.   
Тамақтан уланудың үздік профилактикасы  – бұл тағам дайындау кезінде гигиена ережелерін сақтау, азық-түлікті дұрыс сақтау және қырғылық таныту.

Ең алдымен, тағамның түсіне, иісіне және дәміне назар аудару керек. Одан жағымсыз шіріген иіс, тілді ашытатын қышқылтым дәм білінгенде сақ болу қажет. Тағам консистенциясының өзгеруі, бетінде шырыштың пайда болуы тамақтың бұзылғандығын көрсетеді. Сосын көгеріп кеткен тағамдарды, бір жағы кішкене шіріген болса да, бұзылған көкөніс пен жемісті, қақпағы көтеріліп,  ісініп кеткен консерві банкілері мен шырын және қышқыл сүт өнімдері құйылған пакеттерді  өкінбей-ақ лақтырып тастау керек.          

-Тағам өнімдерін сатып алған кезде олардың шығарылу күнін және жарамдылық мерзімін, қаптамаларының бүтіндігін міндетті түрде тексеру керек.    

-Тағам дайындаудың жылу режимін сақтаңыз.   

-Тамақ ішерде және тамақ  дайындаудың алдында көкөніс пен жемісті, ыдыстарды және асхана аспаптарын, қолыңызды мұқият жуыңыз.   

- Ас үй орамалын, ыдыс жууға арналған ысқышты жиі ауыстырыңыз, өйткені бұларда ауру тудыратын бактериялар жиналады.

-Қоғамдық тамақтану орнын дұрыс таңдаңыз. 
Сондай-ақ, алғаш қарағанда  қарапайым деген тағам өнімдерін таңдау денсаулықты толық жоғалтуға әкелетінінін есте ұстаған дұрыс. Мысалы, шұжықта және басқа да "ет қосылған" өнімдерде көптеген тағам қоспалары: эмульгатор, қойылтқыш, бояғыш, консерванттар  болады. Бұлар - өндірушілер жасыруға тырыспайтын  "Е" деп аталатын қоспалар.   
Сатылатын етте ұйыған қан,  ішкі органдардың қалдықтары болмауы керек, ет лас болмауы қажет және еттің қаны ағып тұрмауы тиіс. Мұздатылған етте мұз және қар болмау керек.     
         Мерекелік дастарханның денсаулыққа пайдалы және қауіпсіз болуы үшін тағамдарда майонездің болуын шектеу қажет. Қолдан дайындалатын салаттарды тоңазытқышта 24 сағаттан артық, майонез қосылған салаттарды 6 сағаттан артық  сақтамау керек. Азық-түлікті өтімділігі жоғары, тауарлары жатып қалмайтын объектілерден сатып алған жөн.  
           Дұрыс тамақтану гигиенасы және тамақтан уланудың алдын алу дұрыс дайындалмаған немесе санитарлық нормаларды сақтамай дайындалған тағамдарды пайдалудан болатын ауыр сырқаттардан аулақ болуға көмектеседі.    

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ