Абайдың әдеби-мемориалдық музейі - Абайдың өмірі мен ақындық жолына байланысты материалдар жинақталған мәдени мекеме. 1940 жылы 16 қазанда Абайдың 95 жылдық мерейтойына байланысты Семей қаласында ашылған. Ол Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби музей болып табылады. Абай музейінің 80 жылдық мерейтойына орай, ҚР ДСМ ҚДСҰО «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының қызметкерлері челлендж ұйымдастырды. Мекеме қызметкерлерінің балалары ұлы ақын Абайдың қара сөздерін оқып, дайындаған челленджді Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының қызметкерлеріне жолдайды.

челленджге сілтеме https://youtu.be/SnDdgOPBsw0