Поделиться

Әрбір баланың өмірінде ойыншықтар ерекше орын алады және тәрбие құралыретінде, өзін-өзі тәрбиелеуде қызмет етеді. Пластмасса ойыншықтар аллергия тудырмайтын қауіпсіз, табиғи маталардан жасалуы тиіс, әсіресе бұлоларды аузына алатын сәбилер үшін маңызды. Барлық ойыншықтар КО ТР 008/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламенті»балалар ойыншықтарының сапасын реттейтін негізгі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Ойыншықты таңдағанда, сапасыз және дұрыс таңдалмаған ойыншық баланың денсаулығына орны толмас зиян келтіруі мүмкін екенін есте сақтаңыз. Сапасыз ойыншықтарда әртүрлі химиялық заттар көп мөлшерде болуы мүмкін.
Пластмассадан жасалған ойыншықтарды күтіп-ұстау оңай, олар мықты болып келеді және арнайы сақтау шарттарын қажет етпейді. Пластикалық ойыншықтарды таңдаған кезде мынаған назар аудару керек:
1. Пластикалық ойыншықтарды таңдағанда, иісіне назар аударыңыз, ол неғұрлым айқын әрі жағымсыз болса, соғұрлым ойыншық қауіпті болады. Хош иістендіргіштер аллергия тудырады, тіпті анафилактикалық шок тудыруы мүмкін.
2. Қатты пластиктен жасалған ойыншықтарды таңдаңыз, өйткені жұмсақ пластиктен жасалған ойыншықтарда уытты фенол болуы мүмкін.
3. Пластикалық ойыншықтарды таңдағанда бояуына назар аударыңыз. Ашық түсте қорғасын мен кадмий болады, ал бұл заттардың уыттылығы жоғары болып келеді. Пластмассадағы бояудың беріктігін анықтау үшін пластмасса ойыншықтың бетін дымқыл майлықпен бірнеше минут сүрту қажет, одан кейін майлықта бояу іздері қалмауы тиіс.
4. Ойыншықтарды таңдап, сатып алған кезде оның сыртқы түріне назар аудару керек.Тігістердің бекемдігін тексеру қажет, себебі сапасыз өңделген пластик өткір болып, баланың терісін зақымдауы мүмкін.
5. Жарамдылық мерзіміне, жасалған күніне назар аударыңыз.
6. Әр ойыншықта таңбалауы айқын, жақсы көрінетін және өшірілмейтін қосымша парақбірге болуы тиіс.Тұтынушыға арналған ақпарат қазақ және орыс тілдерінде болуы тиіс және мынадайақпараттан тұруы міндетті: ойыншықтың атауы, шығарушы ел, дайындаушының тауар белгісі және ойыншық арналған баланың жасы.
Жаңалықтар





