Поделиться




Тамақ өнімдерін зиянды жәндіктердің бүлдіруінен немесе жоюынан қорғау үшін әлемде 1000-нан астам пестицидтер қолданылады. Әрбір пестицидтің өзіндік қасиеттері мен токсикологиялық сипаттамалары бар. Мысалы, инсектицидтер зиянды жәндіктерді, гербицидтер арамшөпті жояды, ал фунгицидтер өсімдіктерді зең саңырауқұлақтарының зақымдауымен күресу үшін қолданылады. Бұл заттардың тізбесі өте үлкен.
Тамақ өнімдері пестицидтермен әртүрлі жолдар арқылы ластанады. Улы химикаттар өсімдіктерден алынатын өнімдерге ауылшаруашылық дақылдарды өңдеу нәтижесінде түседі. Сондай-ақ, пестицидтер адам организміне жануарлардан алынатын өнімдерді пайдалану арқылы түсе алады.
Мал шаруашылығында паразиттерге қарсы профилактикалық және емдік шаралар жүргізу міндетті болып табылады. Бұл жағдайда жәндіктерді, кеміргіштерді және көгеруді жою үшін пестицидтік препараттармен өңдеу кезінде пестицидтердің әсеріне жануарлар ғана емес, сонымен қатар оларды ұстау орындары да ұшырайды.
Бұл өңдеулердің құрамында пестицидтердің қалдықтары бар мал жемімен қосылуы жануарлардан алынатын тамақ өнімдерінде пестицидтер қалдықтарының жиналуына әкеледі. Бұдан бөлек, улы химикаттар тағамды өңдеу, орамалу, тасымалдау және сақтау кезінде ластауы мүмкін. Осының нәтижесінде пестицидтер бірқатар ауыр аурулар мен улануларды тудыруы мүмкін.
Аналитикалық зертханалардың қызметі пестицидтердің қалдықтарын бақылау және пестицидтерді қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы білім беру үшін өте маңызды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының қоршаған орта объектілеріндегі химиялық заттарды және пестицидтердің қалдық мөлшерін бақылау зертханасы қоршаған орта объектілеріндегі, азық-түлік шикізатындағы және тамақ өнімдеріндегі пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтайтын зерттеулер жүргізеді.
Жаңалықтар





