Поделиться

Медициналық ұйымдарда радиациялық бақылау - бұл «А» тобы персоналының (рентгенолог дәрігерлер, рентген зертханашылары) және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені. Оның мақсаты иондаушы сәуле көздерімен жұмыс істеу кезінде сәулелену дозаларының белгіленген шектерінен асырмау болып табылады.
Рентген кабинетін дозиметриялық бақылау, ең алдымен, «А» тобы персоналының жұмыс орындарында, рентген кабинетінің емшара жасау бөлмесімен көлденең және тігінен жапсарлас үй-жайларда, сондай-ақ емшара жасау бөлмесіне іргелес аумақта радиациялық бақылау жүргізуді қамтиды.
Кабинетті (аппаратты) пайдалануға қабылдау кезінде, рентген кабинетіне (аппаратына) техникалық паспорт берген кезде, рентген жабдығын (кабинетін) пайдалану шарттарын өзгерткен кезде, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны ресімдеу кезінде, сондай-ақ жоспарлы қадағалау тәртібімен рентген кабинетіне (аппаратына) радиациялық бақылау жүргізіледі.
Жалпы мақсаттағы рентген-диагностикалық аппараттар, флюорографиялық аппараттар, рентген-стоматологиялық аппараттар, маммографиялық аппараттар, рентгендік компьютерлік томографтар, ангиографиялық аппараттар, остеоденситометрлер, стационарлық емес (палаталық) рентген-диагностикалық аппараттар, литотрипсияға арналған рентген аппараттары, рентген-терапиялық аппараттар орналасқан кабинеттерде дозиметриялық бақылау жүргізіледі.
«СЭСжМ ҒПО» филиалының радиациялық қауіпсіздік зертханасы медициналық ұйымдардың рентген кабинеттерінде дозиметриялық бақылау жүргізеді.
Бізбен мына телефон: 8 (727) 375-45-77 арқылы хабарласуға немесе e-mail: npc@npc-ses.kz арқылы өтінім беруге болады. Өтінімді алған кезде біз сізбен дереу хабарласамыз.
Бізбен ынтымақтастық жасау - бұл жұмыстарды орындаудағы жеделдік және төмен бағалар!
Жаңалықтар





